ТЖ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар “Қазспас – 2021” жарысына дайындалуда

“Қазспас – 2021”. Теріскейлік құтқарушылар республикалық оқу -жаттығу жиындарына дайындалуда. Жарыс қыркүйек айында Алматы облысында орналасқан “Жартасты қала – Астана” полигонында өтеді. Өңір намысын төтенше жағдайлар департаментінің 12 маманы қорғамақ. Бүгінде білекті жігіттер Есіл ауданына қарасты Горное селосының маңында әзірліктерін пысықтауда. Альпинизм, суға сүңгу, қоян-қолтық ұрыс пен жергілікті жердегі бағдарлау. Сынақтар күрделі, бірақ құтқарушылардың еті оларға әбден үйренген. Себебі, мамандар бұл дағдыларды күнделікті адам өмірін сақтап қалу үшін қолданады.

Әлихан Ислам, СҚО ТЖД құтқарушысы
– 15 шақырым жерді жүріп өттік. Жарақаттанған адамдарды шығарып, GPS арқылы нүктелерді таптық. Физикалық тұрғыдан дайындалудамыз.


Эльмира Садвокасова