МТРА жаңалықтары

Білікті арттыру тренингі

Бүгін Петропавлға “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова келді.
Мейман жергілікті профессорлық-оқытушылық құраммен кездесіп, тренинг өткізді. Шара барысында республикалық тамыз конференциясында талқыланған жаңашылдықтар тілге тиек етіліп, педагогтар арасында цифрлық сауаттылықты арттыру мәселесі сөз болды. Айта кетейік, қазіргі күні ұстаздар edu.kz платформасынан тегін дәріс ала алады. Мұндағы онлайн сабақпен қазан айының 31-ші жұлдызына дейін танысуға болады.
Педагогтар ол жерден компьютерлік технология мен саладағы жаңашылдықтар туралы мәлімет алып, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндіктері бар.

Эльмира Садвокасова