Спорт

“Qyzyljar” ФК тарихи жеңіске қол жеткізді

“Qyzyljar” футбол клубы қарағандылық “Shakhter”-ді ойсырата жеңді. Қазақстан кубогі аясында “Қарасай” стадионында өткен қарымта матч 8-де 1 есебімен аяқталды.
Алғашқы голды орталыққазақстандық ойынша өз қақпасына соқты. Кейін, жергілікті құрама сапынан Дмитрий Шмидт, Дарко Зорич, Артем Черединов, Семир Смайлагич пен Алмас Измайлов көзге түсті. Бұл жеңістің арқасында теріскейлік команда “А” тобында көш бастап, келесі кезеңге жолдама алды. Петропавлдықтардың ендігі қарсыласы – қостанайлық “Tobol”. Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу тамыздың 21-і күні “Қарасай” стадионында өтеді деп жоспарланып отыр. Қызылжарлық аяқдоп шеберлеріне инстаграм желісінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов жоғары баға беріп, алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Бұл – клуб тарихындағы ең үлкен жеңіс. Жергілікті жас ойыншылардың жақсы ойын көрсеткенін атап өткім келеді. 19 жастағы Алмас Измайлов дубль жасады, Артем Черединов та қарсыластар қақпасына гол соқты. Біздің бүркіттерге Қазақстан кубогіның 1/4 финалында спорттық табыс тілеймін. Алға, “Қызылжар”!

Алдияр Айтпаев