Құқық қорғау органдары

Петропавлда 22 жастағы нашақор жігіт темір торға тоғытылды

Синтетикалық затты тасымалдаумен айналысқан 22 жасар қала тұрғының полицейлер Крылов көшесіндегі үйлердің бірінде құрықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 20 граммнан асады.

– Непосредственно при входе в комнату на ноутбуке – 8 зип-локов. В каждом находится еще зип-лок в веществом бледно-розового цвета.

Полицейердің айтуынша, бұл – есірткінің ірі мөлшері. Петропавлдық оны не үшін тасымалдаған? Тергеу кезінде зиянды зат жеке пайдалану мақсатында сатып алынғаны анықталды. Яғни, шаһар тұрғыны заңсыз сауда жасап, оңай пайда табуды көздемеген. Сот үкімі белгілі.

Рахат Нұрахметов – қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

– Есірткінің бұл түрі синтетикалық-психотроптық заттар тобына жатады. Бүгінгі таңда әлемдегі ең қауіптілердің бірі болып табылады. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Петропавл қалалық сотының үкімімен қала тұрғыны үш жылға сотталды.

Полицейлер есірткі заттарын заңға қайшы жолмен сатып алу және оны сақтау мен пайдалану бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын кезекті мәрте еске салады. Жаза басқан жандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 125 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 275 келіден астам марихуана мен 4 келідан астам синтетитикалық зат алынған.

Алдияр Айтпаев