COVID-19: Қазақстан

Қазақстандықтар Vero Cell препаратымен вакциналанады

Жаңа екпе! Қазақстанның бас санитарлық дәрігері халықты қытайлық Vero Cell препаратымен вакциналауға қатысты қаулыға қол қойды. Бұл өнім 18 жастан асқан ересектерге арналған. Құтыда екі рет егуге арналған 1,0 мл өнім болады. Яғни, әрбір дозаның мөлшері 0,5 мл құрайды. Вакцинациялау кестесі сәйкес, қос компоненттің аралығы 21-28 күн болуы керек. Екпені бұлшықетке, иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне салу қажет. Тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады. Айта кетейік, 10-шы тамыз күні Қазақстанға Пекиннен 1 млн доза Vero Сell вакцинасы әкелінді. Алдағы уақытта тағы 3 млн доза жеткізу жоспарланған.

Байболат Култанов