Қоғам

Елімізде 203 жұмыспен қамту орталығы бар

Елімізде 203 жұмыспен қамту орталығы бар. Жыл басынан бері бұл мекемелердің көмегімен 175 мың адам екі қолға бір күрек тапқан. Ал, қызметтен айырылған 30 мыңнан астам жанға арнайы төлем тағайындалған. Еңбек өтілі жоқ 16 мың жас маман жастар практикасына жіберіліпті. Сондай-ақ, 16 мың қазақстандық қоғамдық іске тартылған. “Алдағы уақытта аталған бағыттағы іске одан әрі қарқын қосу қажет”,- дейді орталық коммуникациялар қызметінде бой көрсеткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

– Халықаралық тәжірибені ескере отырып, біліктіліктің 8 деңгейін қамтитын Ұлттық біліктілік жүйесінің іргетасы қаланды. Соның аясында 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді. Бұл қызметкерге белгілі бір кәсіп пен лауазымда қандай дағдылар мен білім қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Алдияр Айтпаев