Құқық қорғау органдары

Жоғалған бала табылды

Петропавлда 15 жастағы бала жоғалды. Тамыздың 9-ы күні полиция қызметкерлеріне дәл осындай хабар түскен. Жеткіншек өгей әкесіне көмектесіп, кейін іс-түссіз жоғалып кеткен. Жанұя облыс орталығына елордадан осыдан 2 апта бұрын қоныс аударған екен.

Баланы іздеу шарасына ювеналдық және криминалдық полиция бөлімшелерінің мамандары мен еріктілер бірден кірісті. Көп ұзамай жеткіншек табылды. Ол өзі жоғалған төңіректе орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі подъезде болыпты. Абырой болғанда – дін аман. Жалпы жыл басынан бері солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары іс-түссіз жоғалған 70-тен аса жасөспірімді іздеп тапқан.

Эльмира Садвокасова