Қоғам

Шаһарда “Заңгерлер кеңес беруде” акциясы өтті

Конституция күніне орай және “Негізгі заң апталығы” аясында шаһарда “Заңгерлер кеңес беруде” акциясы ұйымдастырылды. Акция халық көп жиналатын сауда үйінде өтті. Осылайша, қала тұрғындары сауда жасап қана қоймай, көкейлерінде жүрген сұрақтарға кәсіби кеңес алды. Халықты мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен жылжымайтын мүлікке қатысты тақырыптар алаңдатады. Сұрақтардың дені осы жайлы болыпты. Акция барысында 50-ге тарта жерлесімізге заң жүзінде кәсіби кеңес берілді.

Махаббат Хасанова, СҚО Әділет департаментінің бас маманы:

– Қала тұрғындарына Әділет департаментінің мамандары, адвокаттар, жеке сот орындаушылары заң тұрғысында түрлі кеңестер берді. Бізге жүгінген жерлестеріміз өз сұрақтарына тұшымды жауап ала алды деген ойдамыз. Болашақта осындай акцияны өзге де сауда үйлерінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Алдияр Айтпаев