Ауыл шаруашылығы

Қазақстандағы майлы дақылдардың қоры 557 мың тоннаны құрайды

Қазақстандағы майлы дақылдардың қоры 557 мың тоннаны құрайды. Оның дені, яғни 230 мың тоннасы – күнбағыс, тағы соншасы – зығыр.

Облыстар бойынша майлы дақылдардың ең көп көлемі, 183 мың тоннасы Шығыс Қазақстанда сақтаулы. Екінші орында – Солтүстік Қазақстан. Бүгінде өлкеде 136 мың тонна өнім бар. Ал, Ақмола мен Қостанай өңірлерінің қоры 80 мың тоннаны құрайды. Биыл теріскейлік диқандар жалпы аумағы 4,3 млн гектарға алтын дән сіңірді. Оның 3 миллионын дәнді дақылдар құрайды. 957 мың гектар алқапқа аграрийлер рапс, зығыр мен күнбағыс тұқымын септі. Қалған жерге жем-азық пен картоп, көкеністер егілген.

Эльмира Садвокасова