ТЖ

Биыл Петропавлда 13 көлік отқа оранған

Николай Яборов, ТҚКС директоры:

– Участились возгорания автомобилей в городе Петропавловск. Вот одна из автомобилей. Причина возгорания в основном – замыкание электроправодки.

 Бір жанның игілі үшін жұмыс істеген темір тұлпар қазір түкке де жарамай жай тұр. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, бұндай жайттар көбінесе көлік иелерінің немқұрайлылығы салдарынан орын алады екен. Сан соғып қалмау үшін тиісті ережелерді білу қажет. Бүгінгі акцияның басты мақсаты да осы. Жүргізушілермен кездесу, сақтық шараларын жіті түсіндіру.

Даниэль Саркисян, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

– Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері өңір полицейлерімен бірлесе жұма сайын осындай рейд шараларын ұйымдастырады. Көптеген жүргізушілер көліктерін уақытылы тексермейді. Бұл өрттің бас көтеруіне басты себеп болуы мүмкін. Сол себепті, жүргізушілер қарапайым ережелерді ұстанса дейміз.

Бүгін мамандар 100-ге тарта теріскейлікті тиісті ережелермен құлақдар етіп, үн қағаздарын таратты.

Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 13 көлік отқа оранды. Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының сөзінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда едәуір көп. Абырой болғанда, оқыс оқиғалардың салдарынан зардап шегу фактісі тіркелмепті.

Алдияр Айтпаев