Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 1 млн тонна астық сатып алады

Биыл Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алынатын астық көлемін 1 млн тоннаға дейін арттырмақшы. Алынған өнім жыл бойы ұн тартуға, мал және құс шаруашылықтарына сатылып отырады.
Осылайша, ішкі нарықтағы тауарлардың бағасы тұрақтандырылады. Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 410 мың тоннадан астам астық сатты. Оның 325 мың тоннасы ұн тарту компанияларына тиесілі. Осының арқасында үстіміздегі жылы нанның құны айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұдан басқа, жем-шөп сақтау қоры да құрылған. Одан мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарына 17 мың тонна бидай мен 24 мың тонна арпа сатылды.

Рустам Жанатаев, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өткізу департаментінің директоры:

– Форвардтық қаржыландыру бойынша жасалған келісімшарттар аясында 760 мың тоннадан астам астық сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, үкімет резервінен жемдік астық алуға 20 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінуде. Бұл соммаға тағы шамамен 200 мың тонна бидай алынады.

Бердимурат Баймухан