Әр түрлі

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі

Шаһардағы Қазақстан Конституциясы көшесі – әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі. Сондықтан, ол Гиннес рекордтар кітабына енгізілуі тиіс. Осындай мәселені облыстық мейрамханалар мен мейманханалар иелерінің қауымдастығы көтеріп отыр.

Шілде айының соңында қауымдастық төрағасы Сайран Хамзин қала әкіміне хат жолдаған. Онда: «Орталық көше – Петропавлдағы көрнекі орындардың бірі болып табылады»,- деп жазылған. Және сонау 50-ші жылдардың өзінде бұл көшенің бойында сауда алаңдары мен сәулетті ғимараттардың бой көтергені жайлы баяндалған. Айта кеткен жөн, бүгінде жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын көше – Копенгагеннің орталығында орналасқан Строгет сауда көшесі. Ұзындығы – 1,8 шақырым екен. Ал, біздің қаладағы серуен аймағы шамамен 2 жарым шақырымға созылып жатыр.

Алтынай Казиканова