Қоғам

Солтүстікқазақстандықтардың жалақысы ел бойынша ең төмен

Солтүстікқазақстандықтардың жалақысы ел бойынша ең төмен деп танылды. Қазақстандағы орташа айлық бүгінде 251 мың теңгені құрап отыр. Бұл алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда 20 мың теңгеге көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, ең жоғарғы еңбекақы Атырау облысында – 398 мың теңге. Бұл республикалық деңгейден бақандай 1,6 есеге көп. Үздік үштікке 363 мыңмен Маңғыстау өңірі және 344 мыңмен Нұр-Сұлтан қаласы енді. Ал, солтүстік аймақ – антилидер. Аққайыңдар өлкесіндегі орташа табыс – 190 мың. Салалар бойынша қарастырайық. Қаржы мен сақтандыру секторында жұмыс істейтіндер айына 472 мың теңгеге дейін алады. Табысы 10 мыңға аз мамандық иелері – кен өндірушілер мен карьер қазушылар. Ал, орман, балық пен ауыл шаруашылығы және сумен қамту салаларының қызметкерлерінің айлығы 145 мыңды құрайды.

Эльмира Садвокасова