Спорт

Сарапшылар пікірі

Бүгін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының 11-ші күні. Алайда әзірге Қазақстан қоржынында алтын медаль жоқ. Тек ауыр атлеттер мен дзюдошы Елдос Сметов еншілеген 3 қола жүлде бар. Күншығыс елінде отандастарымыз неге сәтсіз өнер көрсетіп жатыр? Қазір бұл сұрақ қоғамның қызу талқысында. Жанкүйерлердің бірі спортшылардың дайындығы нашар десе, енді бірі төрешілердің әділетсіздігін, қарсыластардың мықтылығын алға тартуда. Сын садағына іліккендердің тізімінде боксшылар көш бастап тұр. Көпшілікке жақсы мәлім, Токиода жуан жұдырықты жігіттердің басып көпшілігі ұтылды. Енді жұртшылық жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие 3 шаршы алаң шеберіне сеніп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингіде сала өкілдері сәтсіздіктің себептерін жіпке тізді. Ал, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов бапкерлер мен ізбасарларына ақыл-кеңес берді.

Маратбек Мықтыбек, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры:

– Пандемия өзінің кері әсерін тигізіп жатыр. Спортшыларымыз үйде оқшауланды. Жабық кешендерде дайындалды. Әлі де спортшыларымыз өнер көрсетіп жатыр. Солардан жақсы нәтиже күтеміз.

Ермахан Ибраимов, АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі:

– Тактикалық тұрғыда өзгеріс енгізу керек. Біздің боксшылар алдыңғы қолмен мүлде жұмыс істемейді.

Байболат Култанов