COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте 157 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған

Өткен тәулікте 157 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған! Дертке шалдыққандардың басым бөлігінде індеттің анық белгілері байқалады. Науқастардың дені – петропавлдықтар. Аудандар арасында Қызылжар, Тайынша және Айыртау аудандары көш бастап тұр. Қазіргі таңда өңірде 5 бірдей ПТР-тест зертханасы жұмыс істеуде. Тамыздың 1-і күні оларда 861 сараптама жасалған. Иммундау шарасы жайлы баяндайық.
Бүгінгі күнге дейін аққайыңдар өлкесінде 146 мың жерлесіміз тәжді вирусқа қарсы екпенің қос компонентін де салдырған.

Байболат Култанов