Ел бойынша шілде айында 800-ге жуық табиғи өрт орын алды

ТЖД

22:07 2 Тамыз 2021

Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы, ел бойынша 485 мәрте орман отқа оранған. Тағы алқаптарда қызыл жалынның бас көтеруі бойынша 2000 мың жағдай тіркелді. “Табиғи өрттер негізінен найзағайдың түсуінен орын алады”,- дейді төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері. Ормандардың 47 пайызы дәл осы себептен отқа оранған. Тағы 48 пайыз – халықтың немқұрайлылығы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың үлесінде. Қалғаны ауыл шаруашылығы техникасын қолдану барысында орын алатын бұзушылықтар екен. Жағдайды ұзақ уақытқа созылған аптап ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің аздығы да ушықтырған көрінеді. Мұндай ахуал тамыз айында да сақталуы мүмкін дейді құтқарушылар.

Марат Хасенов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:

– Табиғи өрттердің туындау тәуекелін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. 3,7 мыңнан астам елді мекенде құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді, 21 мың шақырымнан астам минералданған алқаптар жасалды. Жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау және орман мекемелерімен 212-ден астам өрт-тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығулар өткізілді. Жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 2 260 ескерту берілді.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да 39 жастағы нәзікжанды иіс тиіп қаза тапты
Құтқарушылар аңшылық дүкендерде рейд өткізуде
Биыл өңірде 477 өрт оқиғасы болған
Петропавлдағы көпқабатты үйлердің 90 пайызы қысқы маусымға дайын
Есіл ауданында 11 жастағы бала суға батып кетті
Құтқарушылар өрттің алдын алу мақсатында рейд өткізді
Жыл басынан Есіл ауданында 17 өрт оқиғасы орын алды
СҚО-да 90 жастағы қария иіс тиюден көз жұмды
Егістіктегі өрттің алдын алу
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар “Қазспас – 2021” жарысына дайындалуда
Петропавлда өрт сөндіру-құтқару спортынан облыстық жарыс өтіп жатыр
Өңірде “Жер-2021” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өтуде