Экология

1 жылда ауаға 76 мың тонна зиянды зат тараған

76 мың тонна. Өңір аумағында 1 жыл ішінде осыншама зиянды зат ауаға тараған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,7%-ға көп. Статистикаға сүйенсек, өлкемізде ауаны ластайтын көздердің саны – 15 мыңнан асады. 365 тәулік ішінде олардан 1 миллион 200 мың тонна ластаушы зат атмосфераға жайылған. Дегенмен, оның 94 пайызы залалсыздандырылған. Айта кетейік, ластаушы заттардың 35% – күкіртті ангидрид, 23% – кремний қостотығы бар бейорганикалық шаң, 18% – көміртегі тотығы, ал 8% – азот диоксиді.

Алтынай Казиканова