Жазғы лагерьдегі балаларға жолда жүру ережелері түсіндірілді

Балалар

22:43 9 Шілде 2021

Қағидалар қарапайым, бірақ, қатаң ұстану қажет. Оның есте сақтау да қиын емес. Балалар тәртіп сақшыларының айтқанын ұйып тыңдады, сұрақтарын қойды.

Захар Петров, оқушы:

– Бүгін бізге тәртіп сақшылары жол қозғалысын ережелерін түсіндіріп қана қоймай, сыйлықтар сыйлады. Түнде ата-анамыздың қарауынсыз жүруге болмайтындығын айтты.

Облыс аумағында 9 жазғы лагерь бар. Екеуі – қала маңында.
Оқушылардың уақыттарын тиімді өткізу ғана емес, олардың қауіпсіздігі де басты назарда. Осы орайда тәртіп сақшылары жазғы лагерьлерде күні-түні кезекшілік атқарады. Балалармен жиі жүздесулер өткізіп, ақыл-кеңестерін айтады.

Айгүл Кәрімова, қалалық полиция басқармасының аға инспекторы:

– Қазіргі уақытта біз «Аққайың» сауықтыру лагеріндеміз. Бүгінгі таңда бұнда 185 бала демалуда. Мұнда келудегі басты мақсатымыз – балаларды қандай болмасын қауіптен қорғау, сондай-ақ, оларға полиция тарапынан құқықтық көмек көрсету.

Биыл өңірдегі жазғы лагерьлерде 7 мыңға тарта бала демалады.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Қалада қос мектепке оқушы тасымалдау үшін көліктен берілді
Құтқарушылар балаларға суда жүзуді үйретті
Өңірде құрылысшы тапшы
«Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жаңа туындылармен толықты
Ерекше балаларға арналып шеберлік сағаты ұйымдастырылды