COVID-19: Қазақстан

Вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі – жастар


Елордалық дәрігерлер соңғы уақытта тәж вирусын жұқтырғандардың арасында жастардың көп екенін байқаған. Соңғы 5 айдың ішінде стационарларға жатқызылғандардың дені 30 бен 40 жас шамасындағылар.
Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі эпидахуал жайлы баяндалған брифингіде бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталық директорының орынбасары Сәуле Атығаева айтты. Сәуір айымен салыстырғанда жан сақтау бөлімшесіне түскен науқастардың жасы бұрынғыларынан 10 жасқа кіші және коронавирустан көз жұмып жатқандардың басым бөлігі жастар екен. Сондай-ақ, өкпенің қабынуы да бұрынғыға қарағанда біршама күшейген. Жалпы, өткен тәулікте 2 мыңнан астам қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырып алған. 2 млн 600 мыңға жуық жан иммундау шарасынан өткен. Өңірге тоқталатын болсақ, covid-19-ға 13 адам шалдыққан. Тиісті екпенің толық құрамын 70 мыңнан астам адам алған

 

Алтынай Казиканова