Құқық қорғау органдары

Петропавлда 5 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды

Сколько вам лет уже?

– 20 лет.

– А вам? 

Кәмелетке толмаған жастардың түн ішінде көше кезуі, алкогольдік ішімдік ішуі. Полицейлер өткізген 2 күндік рейд барысында осы сынды 5 құқық бұзушылық фактісі анықталған. Мұндай жағдайда ұл-қыздардың өздері емес, ата-аналары жауапқа тартылады.

Бақытгүл Қасенова – қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

-Бүгін біз көше мен саябақтарды аралап шықтық. Жағажайға да бардық. Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жалпы, жыл басынан бері полицейлер өзге де құзырлы орган өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп осындай 50-ден астам рейд өткізген. Нәтижесінде 340-тан аса ата-анаға хаттама толтырылған. Хаттама аясында екеуінің біреуіне 9 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер бұндай жағдай тағы қайталанса, айыппұл 20 мың теңгеден асады.

Бақытгүл Қасенова – қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

-Жасөспірім балаларға деген назар ерекше болу керек. Жүріс-тұрысына көңіл бөліп, тиісті тәрбие беру қажет. Сонда кәмелетке толмаған жеткіншек шалыс қадам жасамайды. Негізі, жасөспірімдерге түнгі сағат 10-нан кейін көңіл көтеру орындарында болуға тыйым салынады. 11-ден кейін көшеде заңды өкілдерінсіз, яғни, ата-аналарынсыз жүрулеріне болмайды.

Айта кетейік, кәмелетке толмаған балалары тәртіп бұзатын, ерлі-зайыптылар ішімдік ішетін отбасылар профилактикалық есепке алынады. Соңғы 5 айдың ішінде петропавлдық 66 жанұя полицейлердің бақылауына алыныпты. Жалпы, бүгінде қалалық басқармада 129 отбасы есепте тұр.

Алдияр Айтпаев