Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері 600-ден астам қару жойды

Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел-алдын алу іс-шаралары барысында тәркіленіп алынған қаруларды жойды. 1 жылдың ішінде 600-ден астам данасы жиналып қалған.
Қару-жарақты жою жұмыстары белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. Полиция департаментінің тыл жағынан қамтамасыз ету басқармасының мамандары мылтық-тапаншаларды жарамсыз күйге келтіріп, арнайы жәшіктерге салады. Кейін мөрленген жәшіктерді күзетпен кәсіпорындардың біріне жеткізеді. Мұнда қораптар комиссия мүшелерінің көзінше ашылып, болат балқытатын пешке салынады. Барлық іс бейнекамерға түсіріледі. Тәртіп сақшылары 8 сағаттың ішінде 627 дана қарудың көзін жойған.

Дана Ешкенова