Қылмыс

Петропавлда саяжайлық үй тонау жиілеп кетті

Петропавлда саяжайлық үй тонау жиілеп кетті. Жуырда полиция қызметкерлері қала тұрғынының жазғы баспанасынан ұялы телефоны мен әмиянын жымқырып кеткен ұрыны ұстады. Баукеспе ішке терезені бұзып кірген. Қолды болған дүниенің құны 100 мыңға жуықтайды екен. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 25 жастағы келіншек құрықталды. Бұрын істі болған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті екі танысымен бірге өзге саяжай қауымдастықтарында да ұрлық жасағанын айтқан. Біреудің мүлкіне қол сұққан жандар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Дана Ешкенова