МТРА жаңалықтары

ЕАЭО аумағында тауар тасымалдау ережесі

Жеке мақсатта сатып алынған тауарды Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік баж салығынсыз тасымалдауға болады. Бұл ретте жүктің салмағы – 25 келіден, ал құны 500 еуродан аспауы тиіс екен.
Әуе кеңістігінде талап өзгеше, яғни, жеке пайдалануға арналған тауардың салмағы – 50 келіден, ал құны 10 мың еуродан асып кетпеуі қажет. Пошта қызметіне жүгінген жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жолданған заттың салмағы – 30 келіден, бағасы 200 еуродан аз болса, кедендік баж салығы салынбайды. Ал алкогольдік ішімдік жөнелтуге және тасымалдауға қатысты жеке талаптар қарастырылған.

Дана Ешкенова