Спорт

Алексей Луценко – ТОП-15-тің қатарында

Осы күндері Франция елінде әйгілі «Тур де Франс» велокөпкүндігі өтуде. Жаһанның кіл мықтылары жиналған жарыста еліміздің намысын “Astana” командасы қорғап жатыр. Әзірге, жерлесіміз Алексей Луценконың аяқ алысы осал емес. Ол 183 шақырымға созылған 3-ші кезеңде мәре сызығын 43-ші болып кесті. Осылайша, жалпы есептегі 13-ші орнын сақтап қалды. Көш басында Нидерланды елінің өкілі тұр. Одан Луценко 50 секундқа қалып келеді. Дүбірлі доданың 4-ші кезеңі бүгін ұйымдастырылмақ. Бұл сында шашасына шаң жұқпас спортшылар 150 шақырым 400 метрді бағындырады.

Байболат Култанов