БАҚ

28-ші маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні

Маусымның 28-і – БАҚ қызметкерлерінің күні. Осыған орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов сала өкілдері төл мерекелерімен құттықтады.
Өңір жетекшісі қаламы қарымды 3 журналистті Алғыс хатпен марапаттады. «Qyzyljar» телеарнасының телебағдарламалар дайындау қызметінің бас редакторы Ақерке Қабыкееваға Құрмет грамотасы табыс етілді. Ұзақ жылдық адал еңбегі үшін республикалық «Qazaqstan Dauiri» газетінің меншікті тілшісі Нұрсайын Шәріп пен «Издательство «Северный Казахстан» серіктестігінің директоры Иван Моор «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Өңірдегі медиа саласының дамуына орасан үлес қосқан 3 журналиске Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы табысталды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Тілшілердің қоғамда алатын орны бөлек екенін жақсы түсінеміз. Әсіресе, пандемия кезінде өз маңыздылығын танытты. Билікке халықтың пікірін жеткізетін сіздерсіздер. Атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Маржан Касымбек