МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар айлық табыстарын қайда жаратады?

Өңір тұрғындары айлық табыстарын қайда жаратады? Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, солтүстікқазақстандықтардың 2021 жылдың 1-ші тоқсанында жан басына шаққандағы орташа айлық шығыстары 63 мың теңгені құраған.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға көп. Қолдағы қаржының 86,5 пайызы тұтыну мақсатында жұмсалыпты. Қалғаны – материалдық көмек, алимент, кредит, қарыздар мен салықтар. Қажеттілік бойынша әдеттегідей азық-түлік көш бастап тұр. Біз күнделікті дастарханымыздан табылатын тауарларға қаражаттың 44,2 пайызын арнаппыз. Ақшаның басым бөлігі ет және ет өнімдерін сатып алуға бағытталған. Ал азық-түлік емес дүниелердің үлесі 25,2 пайызын құрайды. Тұрғындар киім-кешекке көбірек шығындалған екен. Қызметтер төлемақысына шығыстардың 17,1 пайызы тиесілі.

Байболат Култанов