МТРА жаңалықтары

Президент азық-түлік бағасын төмендетуді тапсырды

“Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік және өзге де тауарлардың бағасын төмендету жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды”,- деп жазылды Ақорданың ресми сайтында.
Мемлекет басшысы кеше Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Кездесу барысында Президент азық-түлікті арзандату бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, негізгі азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайту, отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуді жүктеді. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.


Дана Ешкенова