Құқық қорғау органдары

Теміржол вокзалындағы акция

Облыста жыл басынан бері теміржол бойында абайсыздық танытқан 2 адам қаза тапқан. Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, теміржол бойында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатымен акция өткізді.
Шара барысында шенділер еріктілермен бірге теміржол вокзалында болып, кезіккен адамға тиісті жадынамалар табыс етті. Мамандардың айтуынша осыған дейін қоғамдық орында ішімдік ішкен 30-ға жуық адам және темекі тартып тұрған 10 адам ұсталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Серік Қаражігітов – Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

-Үстіміздегі жылы вокзал аумағында 900 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Оның 700-ін Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Соның ішінде 660 адам келіп тоқтаған поезға рұқсат етілмеген жерден өтпекші болған.

Бердимурат Баймухан