COVID-19: Қазақстан

СҚО-да 13 адам коронавирус жұқтырды

СҚО-да соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы 13 адамның бойынан анықталды. Оның 7-еуінде қауіпті аурудың белгілері анық байқалады.

Бұл жолы науқастардың басым бөлігі – айыртаулықтар. Аталған ауданда тәж вирусын 5 адам жұқтырып алған. Петропавл қаласы мен Уәлиханов ауданында 3 жағдайдан тіркеліп отыр. Ал Ғ.Мүсірепов ауданында қос жайт анықталды. Өңірдегі иммундау шарасына да тоқтала кетейік. Бүгінге дейін 60 мыңға жуық солтүстікқазақстандық індетке қарсы екпенің толық курсынан өткен. Ал 87 мыңнан астам жерлесіміз вакцинаның 1-ші компонентін салдыртқан.

Дана Ешкенова