Спорт

Солтүстікқазақстандық велошабандоз топ жарды

Ұлдар арасында ұйымдастырылған сайыста солтүстікқазақстандық велошабандоз Максим Конин қарсыластарынан оқ бойы озып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ол белгіленген қашықтықты 2 сағат 51 минут 30 секундта бағындырды. Осылайша, алтыннан алқа тағынды және ұлттық чемпионаттың ақ жейдесін еншіледі. Кеше дәл осындай сайыс қыздар арасында өткенін айта кетейік. Бүгін комиссия барлық спортшылардың ұпай сандарын есептей келе жалпыкомандалық қорытынды шығарды. Ұсынылған ақпарға сүйенсек, солтүстікқазақстандық велошабандоздар 3-ші орынға табан тіреді. Бәсеке әлі жалғасады. Маусымның 19-ы мен 20-сы күндері жарыс жолына ересектер шығады.