COVID-19: Қазақстан

Петропавлда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайып келеді

Петропавлда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайып келеді. Бұған дейін бір тәулікте тіркелген дерек саны 10-ның шамасында болса, қазір – 4 жағдай. Өңір – “жасыл” аймақта. Өткен тәулікте covid-19-ды 16 адам жұқтырып алған. Басым бөлігінде коронавирустың белгілері айқын білінеді. 5-уінде – симптомсыз түрі.
Аудандар арасында Тайыншада көбірек. Оның өзінде 3-ақ жағдай тіркелген. Сovid-19-дың таралу қарқынының әжептәуір бәсеңдеуіне вакциналау науқанының ықпал еткені сөзсіз. Қазіргі күні 57 мыңнан астам солтүстікқазақстандық тәж вирусына қарсы екпенің толық курсын қабылдады. Ал 87 мыңға жуығы әзірге бірінші компонентін қойдырыпты.