МТРА жаңалықтары

Елордада «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. “Мемориал қауіпті індетпен күресуге ат салысқан медицина қызметкерлерінің құрметіне арналды”,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ескерткіш Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында – Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы жаңа саябақтың аумағында орналасқан. Президент ақ халаттылардың құрметіне ескерткіш орнату туралы тапсырманы былтыр «Біз біргеміз» жалпыұлттық онлайн-форумында берген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемориал ел басына қиындық туған сәтте қаһармандық көрсеткен жандардың рухына тағзым ету орнына айналады»,- деді. Және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 10 мыңға жуық қызметкер коронавирус жұқтырып, оның 200-ден астамы қайтыс болғанын мәлімдеді.