Құқық қорғау органдары

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өңірімізде жедел-профилактикалық іс-шара маусымның 9-ы күні бастау алды. Содан бері полицейлер арнайы есепте тұрған 4300 адамды тексерген. Араларында тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың да өкілдері бар. Мамандар осындай 300-ден астам үйге бас сұққан екен. Тексеріс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыру және шектеуге қатысты 12 материал жолданған. Ал мына шаңырақта өзгеше жағдай. Мұнда маскүнем күйеуінен ажырасқан әйел тұрады. Ол бүгінде тұрмыстық мәселелерді шешіп, жұмысқа орналасыпты. Ендігі бар ойы – балаларын қайтару.

Потом нам надо будет решать вопрос, чтобы забрать уже детей, сроки подходят, дети уже сколько там находятся.

Тексерілген 2 мыңнан астам адам – ішкілікке салынған жандар. Айта кететіні, жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы бері 15 кісіге қатысты материал жиналып, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілген. Онын ішінде әйелдер де бар. Көбісі ащы судың арбауынан арылуға дайын.

Я вот ради дочери, чтоб этого не повторилось, то, что у меня было, я жить хочу со своей семьёй, со своими внуками.

Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шара барысында тұрмыс саласына қатысты 301 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 147-сін
полиция қызметкерлері тексеріс үстінде анықтапты.

Айгүл Кәрімова – қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы :

– Осы күндер аралығында ювеналдық полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімдерімен бірлесіп есепте тұрған отбасылар тексерілді. Сонымен қатар, қолайсыз отбасылар бар. Олармен әңгімелесулер жүргіздік.

Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы 860 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оның жартысы – топтасып ішімдік ішкен және қоғамдық жерде масаң күйде жүрген жандарға қатысты. 200-ден астам ата-ана балаларының түн ішінде көше кезуіне жол берген. 14 адам қорғау ұйғарымын бұзған. Бұған қатысты ескерту беріледі немесе 5 тәулікке қамауға алу көзделген.

Байболат Култанов