Мәдениет

“Сағдиан елінде” ертегі кітабының тұсауы кесілді  

 Заманауи ертегінің басты кейіпкерлері – кішкентай Сағдиан мен Аяла. Бір аулада тұратын балақайлар бір-бірімен ойнап, ойыншықтарымен бөлісіп жүреді. Бір күні Аяла досына анасының ауырып қалғанын жеткізеді.

Дана Сәлімқызы – тілші:

-Менің анашым ауырып қалды. Егер мен саябақтың сыртында өсетін шөпдәріні тауып әкелсем, анамның тез сауығып кетері анық. Бірақ, мен саябақты жалғыз таба алмаймын”, – деді жабырқап Аяла. Осылайша, кішкентай ұл мен қыз сол емдік шөпті іздеуге шығады. Саябаққа жөл-жөнекей балалар түрлі қызықты оқиғаларға тап болады.

Екі дос жолда кезіккен жандарға көмек қолын созып, үлкендердің алғысына ие болады. Үлкендердің ақ батасы балалардың жолын ашып, екеуі емдік шөпті тауып алады. Туындының авторы Ғалия Малдыбаева осы ертегі арқылы балаларға достықты қадірлеу, батыл болу, өзгеге мейірімділік таныту секілді қасиеттерді сіңіруді мақсат еттім дейді.

Ғалия Малдыбаева – кітап авторы, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының директоры:

-Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына екенін, шығыс ойшылдары бекерден-бекер айтпаған. Қай ғасырда болмасын кітап білім мен ілімге толы екені айдан анық. Сондықтан, осы кітабымды “Балалардың кітап оқуын қолдау жылы” болғандықтан жарыққа шағардым.

Жалпы, “Сағдиан елінде” атты ертегі кітаптың тұсаукесер кешіне автордың жақындары мен балабақша бүлдіршіндер келді. Солардың ішінде кітап оқуды жақсы көретін 5 жастағы Аяулым Ерсайын да бар.

Аяулым Ерсайын:

-Кітап оқуды жақсы көремін. Әсіресе, ертегілерді. Бүгінгі кітаптың тұсаукесері маған ұнады. Енді апайымыз шығарманы бізге оқып береді.

Айта кетейік, ертегілер кітабы екі тілде жазылған. 100 данамен басылып шығыпты.


Дана Ешкенова