БалаларСпорт

Петропавлда велоспорттан ел біріншілігі бастау алды

 


Маусымның 14-ші жұлдызында Петропавлда велоспорттан ел біріншілігі бастау алды. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген 150-ге жуық спортшы жиналды.

Айта кетейк, бұл чемпионатта велошабандоздар 4 турнир бойынша бәсекеге түседі. Ел біріншілігі маусымның 20-сына дейін жалғасады. Бүгін жарыс жасөспірім қыздардың арасында өтті. Сайыста алматылық Бота Батырбекова есімді қыз бірінші келді. Олар 70 шақырымды 1 сағат 59 минут 45 секундта еңсерді. Солтүстікқазақстандық Полина Братчекова есімді спортшы мәре сызығын 8 секундтан кейін басып, 13-ші орынға табан тіреді. Ал ертең ұлдар сынға түседі. Олар 117 шақырым жолды жүріп өтулері тиіс. Сондай-ақ, маусымның 19-ы мен 20-сы күндері жарыс ересектер арасында ұйымдастырылады.


Бердимурат Баймухан