Құқық қорғау органдары

Қарағандылық ұры қолға түсті

Өткен аптада Петропавлдағы сауда орнынан 600 мың теңгеден аса ақшасы бар әмиян ұрланады. Қаржысынан қағылып, сан соққан иесі бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. Мамандар бейнебақылау камераларын қарайды, есепте тұрғандардың тізімін тексереді, өзге өңірлердегі әріптестерімен байланыс орнатады. Нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталды. Көп ұзамай өзі де қолға түседі.

 – Денежные средства ваши? Сюда внимание обратите!

– Мои конечно.

– Ваши, да! Таак, их надо пересчитать.

Күдікті – өзге өңірдің тұрғыны. Солтүстік Қазақстан облысына қандай мақсатпен келгені әлі белгісіз. Оны полицейлер кешке қарай Новоишимское ауылынан шығаберісте ұстапты.

Ердәулет Ахай – қалалық ПБ анықтаушысы:

– “Семейный” супермаркетіндегі бутиктердің бірінен жасалған ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша Қарағанды қаласының бұрын сотталған тұрғыны қолға түсті. Қазіргі таңда бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденсе, 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін немесе осынша уақытқа бас бостандығы шектелуі ықтимал. Оған қоса, тіркелген дүние-мүлкі тәркіленіп алынады.

Байболат Култанов