Құқық қорғау органдары

Жұмыс істейтін жерінен гербицид ұрлаған

Жұмыс істейтін жерінен гербицид ұрлаған. Жамбыл ауданындағы серіктестіктердің бірінің екі бірдей механизаторы ұрлық үстінде ұсталды. Оқиға Буденовка селосында болған. Учаскелік инспекторлар “Қауіпсіз жол” рейді аясында ВАЗ көлігін тоқтатады. Ішінде отырған жүргізуші мен жолаушы масаң күйде болған екен. Артқы орындықтарда гербицид толы қораптар жатқан. Тексере келе 825 мың теңгенің дүниесі аудандағы серіктестіктердің біріне тиесілі екендігі анықталды. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабының 2 бөлігі – «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан бөлек, жүргізушіге қатысты масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік материал жиналды.

Данаш Хамзина