Құқық қорғау органдары

СҚО-да 4 күнде 142 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды

 

Петропавлда 5 өзбекстандық азамат құрылыста заңсыз жұмыс істеп келген. Бесеуі де 1 тәулікке әкімшілікке қамауға алынып, оларды заңсыз жұмысқа тартқан адам айыппұл төледі.
Облыс көлемінде 4 күннің ішінде өзге мемлекеттің азаматтарын жұмысқа  заңсыз қабылдауға қатысты 12 факті анықталды. Тиісті рұқсатсыз 48 шетелдік жұмыс істеген. “Мигрант” жедел-алдын алу шарасы барысында барлығы – 4 күнде көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 140-тан астам факті тіркелді деп хабарлады облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мамандары.

Данаш Хамзина