Спорт

Велошабандоз Алексей Луценко күміспен күптелді

 

Велошабандоз Алексей Луценко күміспен күптелді! Жерлесіміз, “Astana” командасының белді мүшесі Франция елінде өткен “Критериум ДофинЕ” көпкүндігін 2-ші орынмен аяқтады.
Халықаралық жарыстың соңғы – 8-ші кезеңінде спортшылар 147 шақырымды еңсерді. Бұл сында отандасымыз мәре сызығын 7-ші болып кесті. Нәтижесінде 2-ші сатыға жайғасты. Дүбірлі доданың алтыны Австрия елінің өкіліне бұйырды. Оған Алексей Луценко жалпы есепте небәрі 17 секундқа есе жіберді.

Алдияр Айтпаев