СҚО-да 42 мыңнан астам адам екпені толық қабылдады

Денсаулық сақтау

21:06 7 Маусым 2021

 

Қазақстандықтарға ақпан айынан бері коронавирусқа қарсы вакцина қойылып жатыр. Алдымен елімізге ресейлік “Спутник V” препараты жеткізілді. Сәуір айында емдеу мекемелерінде отандық “QazVac” та пайда болды. Ал мамырда елімізге Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылатын қытайлық “HayatVax” екпесі әкелінді. Жақында қатарға “CoronaVac” та қосылды. 4 айдағы статистиканы баяндайық. Бүгінге дейін вакциналардың бірінші компонентін 2 млн 247 мың отандасымыз салдыртқан. 1 млн 190 мыңға жуық қазақстандық иммундау шарасының толық курсынан өткен.

Құмар Күсемісов – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:


Біздің өңірде бүгінге дейін 75 мың 739 адам вакцинаның алғашқы кезеңінен өтті. Екінші компонентін салдырқандардың саны 42 мыңнан асып жығылады. Екпе қойдырғандардың жағдайы жақсы, ешбірінде кері әсер байқалмайды.

Бүгінгі күні облыс аумағында 3 түрлі вакцина қолданыста. Олардың 1-ші компонентінің қоры 36 926 дозаны құрайды. Ал 2-ші компоненті 10 мыңға аздау. Алдағы уақытта бұл мәселе шешілмек. Яғни, өңірге жақын арада “Спутник V” екпесінің 2-ші компоненті жеткізілмек.

Құмар Күсемісов – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінде жерлестеріміздің арасында ресейлік “Спутник V” вакцинасына сұраныс жоғары. Алайда, отандық екпе мен Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылатын препарат ресейліктен кем емес. Сондықтан, тұрғындарды иммундау шарасына белсенді ат салысуға шақырамын. Себебі, кей аудандарда екпе салу қарқыны бәсеңдеп кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айына дейін 10 млн қазақстандық вакциналанбақ. Оның 300 мыңы – теріскей тұрғыны.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

МӘМС аясында дәрі-дәрмекті тегін алуға болады
Бескөлде 130 адам ауыз судан уланды
43 мыңға жуық солтүстікқазақстандық толық вакциналаудан өтті
COVID-19-ға қарсы вакцина алудың маңыздылығы
Шектеу шаралары жеңілдетілді
Өңірде 46 мыңнан астам адам иммундаудың толық курсынан өтті
Әткеншектен құлап, жарақат алған балалар саны артуда
Өңірде 43 мыңнан астам адам иммундау шарасының толық курсынан өтті