COVID-19: Қазақстан

Қазақстанда вакцинаның 4 түрі қолжетімді

Ел бойынша соңғы аптада тіркелген жағдайлардың саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін, яғни 12 пайызға төмендеген. Ал бір айдың ішінде коронавирус жұқтыру деңгейі 1,6 есеге азайыпты. Ел бойынша төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрайды. Өткен тәулікте мыңнан астам адам ковид-19-ға тест тапсырып, диагнозы расталған. Олардың 41-і – солтүстікқазақстандықтар. Қазіргі уақытта қызу жүріп жатқан вакциналау науқаны аясында 2 млн қазақстандық екпенің – бірінші компонентін, 1 млн-нан астамы толық иммундау шарасынан өтті.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Екпе егу қосындарында вакцина жеткілікті. Бірінші компоненттің – 330 мыңға жуық, екінші компоненттің 811 мың данасы бар. Маусым айында коронавирусқа қарсы 2 млн дозаға жуық препарат жеткізіледі. Бүгін «CoronaVac»-тың 500 мың данасын алдық. Осылайша, Қазақстанда 4 вакцинаның біреуін таңдау мүмкіндігі бар.

 

 

Эльмира Садвокасова