Бүлдіршіндерге жолда жүру ережесі түсіндірілді

Балалар

21:20 1 Маусым 2021

Қала орталығындағы көшелердің бірінде бүлдіршіндер жолдан өтіп бара жатыр. Олардың қасында тәртіп сақшылары бар. Полицейлер ұл-қыздарға көшеде қауіпсіз қозғалу ережелерін түсіндіруде. Мамандар ұқтырған сабақты балақайлар жақсылап жаттап алған секілді. 6 жастағы Диана Мәлікова есімді қыз жолда жүру ережесін балабақшада да оқыпты. Бірақ, тәртіп сақшыларының үйреткені мүлдем басқаша екен әрі өте қызықты дейді.

Диана Мәлікова:

– Жолдың үстінен жасыл түс жанған кезде және үлкен кісілермен бірге өту қажет. Мен әуелі жан-жаққа қарап аламын. Көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. Содан соң ғана өтемін.

Жазғы уақытта кішкентай ұл-қыздар көшеде көп жүреді. Ата-аналар өз балаларына жолда жүру ережелерін дұрыстап түсіндіргендері жөн дейді полицейлер.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Жаз мезглі басталысымен балалар арасында жарақат алу саны артады. Бүгін біз оларға жолда жүру мен велосипедті қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндірдік. Сондай-ақ, көлік жүргізушілеріне жылдамдық ережесін сақтауды ескертеміз.

Акция әлі жалғасын табады. Полицейлер келесі кездесуді велосипед тізгіндегендермен өткіземіз дейді. Жалпы, жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы болған.

 

 

 

Бердимурат Баймухан

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс кітапханашыларының семинары өтті
“Аққайың” лагерінде 180-ге жуық бала демалуда
Жазғы лагерьлер қаншалықты дайын
Әткеншектен құлап, жарақат алған балалар саны артуда
Жетім және ата-ана қарауынсыз қалған 125 жас биыл пәтер иеленеді
Көркемөнер мектебінің шәкірттері пленэр практикасынан өтуде
Петропавлда “Бақытты отбасы” орталығы ашылды
Қазақ театрында Балаларды қорғау күні атап өтілді
№17 мектепте жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады
“Daryn.Online” платформасының қызметі жаз бойы тегін болады
Биыл жергілікті университетті 1840 жуық студент тәмамдайды