Мәдениет

Облыстық архивте құнды құжаттар көрмесі өтті

Облыстық архивте құнды құжаттар көрмесі өтті.

Шара барысында сталиндік құғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат ұсынылды. 20-шы ғасырда Кеңес одағы бойынша 3 млн 770 мың адам қудалауға ұшыраған болатын. Оның 642 мыңы ату жазасына кесілді. Қиын-қыстау заманда жазықсыз жазалы болған 8 мыңға жуық солтүстікқазақстандықтың есімі Н.Погодин атындағы орыс драма театры жанындағы тақтада жазылған. Былтыр оған 14 адамның есімі қосылып еді. Биыл Мағжан Жұмабаевтың екі ағасы әбә-Мүслім мен Қаһарманның да аты-жөні осы тақтадан орын тапты. Ұлы ақын отбасының тағдыры мен өзге де жерлестеріміздің өмір жолы туралы облыстық архивтің сайтынан танысуға болады.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:


– Облысымызды басқарған жандар да репрессияға ұшырады. Оның бірі – Максим Кирович. Бірінші басшы. Булаев ауданының бірінші хатшысы да қуғын-сүргінге ұшырады.

Маржан Касымбек