Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам пәтер ұрлығы тіркелген

Тәртіп сақшылары бұрын сотты болған петропавлдықты үйдің кіреберіндегі бейнебақылау камераларының көмегімен анықтайды. Ұрланған ақша иесіне қайтарылды. Баукеспе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 227 пәтер ұрлығы тіркеліпті. Оның 134-і ашылған. Осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Полицейлер тұрғындарға алаяқтардан сақтану тәсілдері жазылған жадынама қағаздарын таратып, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Данияр Ғалиақпаров – СҚО ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

– Пәтерлеріңізге – дабыл, ал подъездеріңізге бейнебақылау камераларын орнатуды сұраймыз. Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында бұрын жасалған 11 қылмыс ашылды. Оның ішінде 2-уі – «өткен жылдар» санатындағы. Сондай-ақ, «ізін суытпай» 2 пәтер ұрлығы ашылды.

 

 

 

 

Алтынай Казиканова