Спорт

“Qyzyljar” ФК тағы да ұтылды

Кеше кешкілік Қарасай стадионында өткен матчтың алғашқы таймы 0 де 0 есебімен аяқталды. Екінші 45 минуттықта жергілікті ұжымның жігіттері есеп ашты. Жарақатынан айыққан Шота Григалашвили көзге түсіп, жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Бірақ, төреші жартылай қорғаушы ойыннан тыс қалды деп санап, таблодағы есепті сол күйі қалдырды. Көп ұзамай желіге осы сәттің видеосы жүктелді. Одан ешқандай офсайдтың болмағанын аңғаруға болады. Яғни, арбитр таза голды санамады. Матчтың аяқталуына 4 минут қалғанда қонақтар алға шықты. Атыраулықтар бұрыштамадан сан соқтырып кетті. Қазіргі таңда жергілікті ұжым турнирлік кестенің 8-ші сатысында тұр. Солтүстікқазақстандықтар келесі кездесуді “Taraz” командасына қарсы өткізеді. Ойын мамырдың 28-і күні Петропавлда өтеді.

 

 

Алдияр Айтпаев