COVID-19: Қазақстан

Қазақстанда вакцина алғаннан кейін 4 адам көз жұмған

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, алматылық 2 тұрғынның өліміне жүрек ауруы мен қан қысымы себепші болған. Оған епкенің қатысы жоқ дейді. Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Науқаста атриальды фибрилляция болған. Мамандардың айтуынша ол көбінесе ишемиялық инсультқа әкеледі. Ал 4-ші жағдайда тұрғын екпе егудің толық курсынан өткен соң 12 күннен кейін көз жұмған. Нақты себебі әлі анықталып жатыр. Жалпы, вакцина коронавирустан 92 пайызға қорғайды. Сондықтан, иммундау шарасы әлі де жалғасын таппақ. Сәуір айында тәулігіне орта есеппен 100 мың қазақстандық екпе алған болса, қазір бұл көрсеткіш 30 мыңнан 60 мыңға дейінгі төмендепті.

Марат Шоранов – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:

– «QazVak» -тың айына 50 мың дозасы шығарылып жатыр. Зауыт салғаннан кейін көлемі өседі. Жылына 60 млн дозасы шығарылады. Басқа елдер қызығушылық білдіруде.

Маржан Касымбек