МТРА жаңалықтары

СҚО-да ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады

Алдағы уақытта мамандар аққайыңдар өлкесінде ауқымды ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырмақ. Жоспар бойынша облыстағы көне заманғы тарихи орындарда археологиялық қазбалар жүргізіледі. Сондай-ақ, өңірдің интерактивты картасы құрылып, тарихи монографиясы жазылады және бұл құжат әлемнің түкпір-түкпіріне таратылады. Ғалымдар қолға алатын екінші жоспар жаратылыстану ғылымына арналмақ. Нақтырақ айтсақ, аграрлы облысымыздың жер-су ресурстары зерттеліп, экономика мен экологияның тұрақты даму бағыты айқындалады. Бұл жұмыстардың барлығына жергілікті оқу орындарының жастары да тартылады.

Қайрат Абдрахманов – «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің бас директоры, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Тарихи жобаны жүзеге асыруға 2-3 жылдай уақыт кетеді. Осы мерзімде неше түрлі ғылыми конференциялар ұйымдастырылады. Мұның бәріне ат салысқан студенттер болашақта өздерінің білім қорын кеңейтуге үлкен мүмкіншілік алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан