Білім

«Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талап күшейтілді

«Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талап күшейтілді. Биыл аталған төсбелгіге үмітті жастардан емтиханды білім басқармалары жанындағы комиссия мүшелері алмақ. Яғни, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған үздіктер қатаң түрде ұйымдастырылатын экзаменнен кейін ғана анықталмақ. Қазақстанда бұл сынақ маусымның 1-і мен 10-ы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Жұмысты арнайы ұйым өкілдері тексеріп, бағалағаннан соң ғана мектеп директорының бұйрығымен оқу озаттарына төсбелгі табысталмақ. Жалпы, үстіміздегі жылы ел бойынша 150 мыңға жуық түлек алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақпақ. Оның 10 мыңға жуығы – «Алтын белгіге» үміткер. Ал СҚО-да мектеп тәмамдайтын ұл-қыздардың саны 3409-ды құрайды. Олардың 150-і төсбелгіге қол жеткізу үшін емтихан тапсырмақ.

Маржан Касымбек