Денсаулық сақтауӘр түрлі

СҚО-да дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Әлеуеті зор инвестжоба! Солтүстік Қазақстанда фармацевтикалық зауыт бой көтермек. Қуантарлық жаңалықты өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі өз парақшасына жариялады.

Ресейдің Мәскеу қаласында орналасқан “Велфарм” компаниясымен келіссөздер жарты жыл бойы жүргізіліпті. Болашақ өндіріс ошағында дәрі-дәрмек шығарылатын болады. Қазір фармацевтикалық жобаны “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы аясында жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Идея ойдағыдай іске асса, әріптестік екі жақ үшін де тиімді болмақ.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

– Мемлекет барлық инфрақұрылымды тартады. Инвесторлар жобаға 15 млрд теңге құюға дайын. 200 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Осы жобаның арқасында экономика жаңа серпін алады, ал аймақ жергілікті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

 

Эльмира Садвокасова