Салық басқармасы

«e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасының мүмкіншіліктері

Егер көлік салығын немесе өзге де салық түрлерін төлей алмай қалсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. Бұл істі мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, үйде отырып атқаруға болады.

Ол үшін «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын жүктеп алу қажет. Оның көмегімен азаматтар өз атына тіркелген салық салу объектілерін тексере алады. Бірыңғай жинақтық төлем төлеуге, көлік салығын есептеуге, жеке табыс салығы мен өсімпұлды көруге болады. Одан бөлек, «салық әмияны» пункті арқылы жеке тұлғалардың жер, мүлік пен көлік салығы бойынша қарыздарын білуге және төлеуге мүмкіншілік бар. Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде биыл қаңтар айынан бастап «көзбен шолып қарау жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру» жөніндегі жаңа пилоттық жоба іске қосылды.

Мұрат Мұхамеджанов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Көзбен шолып қарау әдісімен БКМ, POS-терминалдарды қолдану ережелерінің және алкогольді сату ережелерінің болуы және сақталуы тексеріледі. Бұл ретте тексеру бейне және фотофиксацияны қолдану арқылы жүргізіледі.